Религия Ислам стремится к миру и справедливости в государстве и обществе, и призывает к этому человека. Помимо религиозных дел, у нас должны быть подобные великие цели. Человек приближается к Аллаху добрыми поступками. Поэтому, призываю всех вас к сплоченному осуществлению благих дел.
ПРЕДСЕДАТЕЛЬ ДУХОВНОГО УПРАВЛЕНИЯ МУСУЛЬМАН КАЗАХСТАНА, ВЕРХОВНЫЙ МУФТИЙ. Родился 16 декабря 1972 года в городе Алматы; В 1990 г. окончил среднюю школу имени Гани Муратбаева в селе Маканшы Восточно-Казахстанской области; По окончанию воинской службы (1991-1992), будущий муфтий поступил в Исламский университет «Аль-Азхар» на факультет Шариата и права, который закончил в 2006 году.

Фоторепортаж: Бас мүфти – Шымкентте

Бүгін, яғни қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келді.
Аймақтарды аралап, өңірдегі діни ахуалмен танысып, шәкірт даярлау, кадр сапасын арттыру, тиісті тапсырмалар беруді күнгейден бастауының себебі бар. Оңтүстік Қазақстан облысы – мешіті мен молдасы мол аймақ. Өңірдегі дін қызметкерлері республикалық имамдардың үштен бірін қамтиды. ҚМДБ Сараптау комиссиясының имамдарды аттестациядан өткізуді осы Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыруының мәні бөлек.      
 
Сонымен Ержан қажы Малғажыұлы ең әуелі шаһарда жаңадан бой көтерген бір мезетте 5 мың адамға қызмет ете алатын жаңа облыстық зәулім мешітке ат басын бұрды. Жуырда пайдалануға берілетін ғажайып ғибадатхананың құрылысымен танысты. Мешітке кіру әдебі бойынша сәлем намазын оқып, дұға жасады. Алла үйін аралап шыққаннан соң Шымкент медресесінде ілім алып жатқан шәкірттермен жүздесті. Оңтүстік Қазақстан имамдарының білімін жетілдіру курсында діни дәріс тыңдаушы имам-молдалармен де емен-жарқын әңгімелесті. Қартайдым-ау демей, ілімге ден қойған ауыл молдаларымен ұшырасуда Бас мүфти: «Шалғайдағы елді-мекендерде дінге қызмет етіп жатқан имамдарға деген менің құрметім ерекше. Мешіт жұмысын жүргізу, өзгелер ойлағандай, оңай шаруа емес. Азды-көпті кедергілерге мойымай, сауап алуға ұмтылғандарыңыз үшін Алла разы болсын», – деді.
 
Жылы жүздесуден соң Ержан қажы Малғажыұлы болашақ имамдарға уағыз айтты. Білім алудың маңызы мен мәніне тоқталды. «Имам Шәфии: «Білім – Алланың нұры. Күнәсі бар адамға білім берілмейді», – деген екен. Құрметті шәкірттер, сіздер болашақ имамсыздар, дін қайраткерісіздер. Осындай мүмкіндік пен жағдайды ұтымды пайдаланып, ілім алуға бар күш-жігерлеріңізді сарп еткендеріңіз абзал. Алла сүйген құлын діннің жанашыры етіп қояды», – деп сөзін түйді Бас мүфти.
 
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен келелі кездесу белгіленген. Іс-сапар жоспары бойынша Ержан қажы Маямеров, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиевтер Асқар Исабекұлының қабылдауында болды. Облыс басшысы Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтай келе, өңірде мешіт жұмыстарына жіті көңіл бөлініп, имамдарға әкімдік тарапынан дер кезінде қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді. «Бүгінде мүфтиятқа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Біз де өз тарапымыздан діни басқарманың өңіріміздегі өкілдігімен бірлесе бірқатар игі іс-шараларға бастамашы болып келеміз. Мүфти хазрет, мен Сіздің жауапкершілігі үлкен жұмысыңызға береке, сәттілік, жеміс тілеймін», – деп ізгі ниетін білдірді Асқар Мырзахметов.  
 
Ержан қажы Малғажыұлы басқосуда жұмыс жоспарларымен бөлісе келе, еліміздегі діни ахуалды оңалтау бағытында атқарылар ауқымды жұмыстардың бірі – имам-молдалардың біліктілігін арттыру екенін тілге тиек етті. Осы орайда дін қызметкерлерінің ілімін шыңдауға үлкен септігін тигізіп, жанашырлық танытып жүрген Асқар Исабекұлына алғысын, жылы лебізін жеткізді. «Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы емес пе? Мақсатымыз – дінімізді көркейту, халықтың бірлігін нығайту, елге қызмет ету. Ендеше, Сізді және ұжымыңызды игілікті істерді жұмыла жүзеге асыруға шақырамын», – деді Бас мүфти. ҚМДБ төрағасы Асқар Мырзахметовке ақ пен қараны айырушы, екі дүниеге жетелеуші Алланың сөзі – қасиетті Құранды сыйлады.  
 
Жұма намазының уақыты таяғанда діндарлар шаһардағы «Абдулхамит Қаттани» мешітіне келді. Мінберде – мүфти. Имандылыққа ұйысқан жамағат Ержан қажы Малғажыұлының уағызын ұйып тыңдады. Мүфти жұма намазын өткізді. Облыстың зиялы қауым өкілдері Бас мүфтидің қадамына құт айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Бас мүфтидің сапары әлі жалғасуда. Бұйырса, ертең Сарыағаш қаласында Алла үйінің ашылу салтанаты өтеді. Жамағат жаңа мешітте сәлем намазын Бас мүфтиге ұйып оқиды...     























Muftiyat.kz   
150229.03.2013
 


   
   
 


Оставьте свой комментарий
 
Бас мүфти Астана мешіттерін аралауда
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласының мешіттерін аралап, жамағатпен жүздесті.
1269119.11.2014
Реализация проекта «Имам XXI века»
Инициатива создания данного проекта была выдвинута Верховным Муфтием Хазрет Ержан кажы Малгажы улы на международной конференции «Роль Ислама в Центральной Азии».
2185818.04.2014
Обращение участников международной конференции "Роль Ислама в Центральной Азии"
На протяжении многих веков из поколения в поколение народы этого большого региона черпают в Исламе основы духовности, нравственных ориентиров, непреходящих ценностей, обогащая свою культуру и традиции.
2500217.04.2014
Бас мүфти халықаралық конференцияға қатысты
Астана қаласында Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы Исламның рөлі» атты халықаралық конференция болып өтті.
150917.04.2014
ҚМДБ: Ғұламалар Кеңесінің мәжілісі өтуде
Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы Ғұламалар Кеңесінің 2-ші мәжілісі басталды.
1187916.04.2014
 

Видео